Алматыдан 133 шақырым қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыдан 133 шақырым қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 10 желтоқсан 06 сағат 58 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 133 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. MPV тербелісі - 4.1. Эпицентрінің координаттары 42.21° с.е. 77.83° ш.б. Ошағының тереңдігі - 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Соңғы жаңалықтар