Алматыдан 132 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 қазан күні Алматы уақытымен 07 сағат 02 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 132 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.2. MPV тербелісі - 4.1. Тереңдігі - 20 шақырым. 

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді. 

Соңғы жаңалықтар