Алматыдан 125 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер дүмпуі 16 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 00.24 кезінде болған.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.0.

MPV магнитудасы – 3.5. Жер сілкінісі ошағының бағыты – 43.75° с.е. 78.26° ш.б.

Тереңдігі - 15 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар