Алматыдан 125 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында Алматыдан 125 шақырым жерде 31шілдеде сағат 02:46 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Зілзала кіндігі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 125 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8 болса, магнитудасы - MPV 4.6, ал тереңдігі 10 шақырымды құраған.

Соңғы жаңалықтар