Алматыдан 116 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 сәуір күні 23 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 116 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.2. MPV магнитудасы - 4. 7. Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.

Соңғы жаңалықтар