Алматыдан 111 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 9  тамызда  Алматы уақытымен 20 сағат 44 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 111 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында тіркелді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.8. MPV тербелісі -3.9, ошағының тереңдігі - 15 км», делінген хабарламада. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар