Алматыдағы Жұлдыздар аллеясында Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жұлдызы пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «MEGA Park» сауда үйінің қасындағы Жұлдыздар аллеясында олимпиада чемпионы Александар Винокуровтың жұлдызы пайда болады.

Жұлдыздың ашылу салтанаты 1 қазанда өтеді. Айта кету керек, бұған дейін аталған аллеяда белгілі зілтемірші, Олимпиаданың 2 дүркін чемпионы Илья Ильиннің жұлдызы ашылған еді.

Келесі болып өз қолтаңбасын «Дом» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Саин қалдырды. Ол өз жұлдызын Қазақстандағы барлық қамқоршы демеушілерге арнады. Жұлдызды сал ауруымен ауыратын Әмір Исаев ашқан болатын.

Александр Винокуров өз жұлдызын велоспортқа жаңадан аяқ басқан спортшыларға арнайтынын жеткізді.

«Жұлдыздар аллеясында менің жұлдызым жанатынына өте қуаныштымын. Бұл - мен үшін тарихи сәт. Мен бұл жұлдызымды барлық спортшыларға арнағым келеді. Ұйымдастырушыларға осындай бастамасы үшін алғысымды білдіремін», - деді спортшы.

Жаңа жұлдызды белгілі мүсінші Нұркен Дәукенов жасады.

Соңғы жаңалықтар