Алматыдағы жойқын өрт: Қойманың 3000 шаршы метр аумағы жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «барахолка» базары маңында тұтанған өртке қатысты қосымша мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға орнында 21 техника, 6 өрт сөндіру көлігі, 78 адам, жұмылдырылды. Өрт 15:05-те ауыздықталды. Тілсіз жау 2950 шаршы метр аумақты шарпыды», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Алдын ала ақпарат бойынша өртенген ғимаратта қоймалар орналасқан. 

Айта кету керек, «барахолка» маңының қою қара түтінге көмілгенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Қалалық ТЖД  баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түскі 13:41 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекші пультіне Жетісу ауданы, Москвин көшесі  7 мекенжайындағы ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Соңғы жаңалықтар