Алматыдағы жолайрықта бірнеше көлік соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылының бойындағы жолайрықта қатарынан бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Момышұлы көшесінің бойымен Mercedes 211, манипулятор мен Lada Samara көліктері келе жатқан. Куәгерлердің сөзінше, осы уақытта қарсы бағытта Mercedes маркілі тағы бір көлік шығады. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes 211 көлігімен соқтығысып, соққының ықпалымен Lada-ны қаққан да артынан манипуляторға барып соғылған.

Тап осы жерде тағы жолаушылар автобусы мен Toyota апатқа ұшырап, оны артынан Nissan маркілі көлігі соққан. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында 4 жедел жәрдем қызметі жұмыс істеген.

Айта кетейік, бүгін таң ата Алматыда қар жауып, түстен кейін ол үдей түскен. Қар тек кешкісін сағат 6-лардың шамасында ғана баяулаған.

Соңғы жаңалықтар