Алматыдағы жол апаты: Дәрігер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ермек Желдібаев жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түнгі сағат 3-тер шамасында әртүрлі жарақат алған алты науқас біздің интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. Жалпы клиникалық зерттеулер жүргізілді. Оқиға орнында оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алты адамның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде. Жағдайлары тұрақты ауыр. Бас сүйектері жарақаттанған. Жамбас және иық сүйектері сынған. Ем алуда. Ал біреуі мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайлары тұрақтанғанан кейін үшеуіне де ота жасалады. Қалған үшеуі медициналық тексерістен кейін үйлеріне жіберілді. Олар амбулаториялық ем алады. Зардап шеккендердің бәрі жас жігіттер. Ең үлкені 28-де, ал ең жасы 19-да», - деді ол.

Түнде Алматыда Сейфуллин мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.Түрлі дене жарақатын алған алты адам ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар