Алматыдағы жол апаты: Бір адам қаза тауып, бірнешеуі жарақаттанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кеше түнде Алматыда жаппай жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Рысқұлов - Жансүгіров жолайрығында болған. КамАЗ, Газель және екі автокөлік соқтығысқан. Жантүршігерлік апаттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Олардың біреуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

«Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 3 адамды №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Біреуі алған жарақаттарынан көз жұмды. Екіншісі жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақтағы 7-10 қабырғаларының жабық сынығы «қосарланған жарақат» диагнозымен ортопедиялық хирургия бөліміне жатқызылды. Үшінші адам да толық медициналық тексеруден өтті. Өміріне қауіпті патология анықталмады, алғашқы көмек көрсетілді, Ауруханаға жатудан бас тартқандықтан ол тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар