Алматыдағы Жетісу ауданының тұрғындары есінеп отыратын әкімдеріне шағымданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Жетісу ауданының тұрғындары қала әкімі Б.Сағынтаевпен кездесу барысында, сүрілетін үйлердің өтемақы мәселесін көтерді. Сондай-ақ, жаңа әкімі Мақсат Қиқымовқа наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысына жол айырығы түседі. Осы маңдағы сүрілетін үйлердің иесі әділетті өтемақы алатындарынан үмітті. Күні бүгінге дейін 117 отбасы сот шешімімен тәркіленген жер учаскелері үшін өтемақы ала алмай отыр. Осы мәселе бойынша аудан әкімі Мақсат Қиқымовпен кездескен тұрғындар әкімдерінің көзқарасына көңілдері толмайды.

«Жаңа әкім өтемақы мәселесін шешуге қызығушылық танытпады. Қайта-қайта есінеп отырды. Ол біздің проблемамызды білмейді, қызықпайды да. (...). Біздің үйлер қазір әкімдікке тиесілі. Бірақ әкімдік өз міндеттерін орындамайды, ақша төлеген жоқ. Екі жылдан бері біз жүгімізді жинап қойдық», - дейді тұрғындардың бірі Наталья Галиакбарова.

Оның айтуынша, өткен жылдың басында олар өтемақыларын алу керек болған, бірақ күні бүгінге дейін күтуде. Жалпы сомасы шамамен 3,6 миллиард теңгені құрайды.

«Бізге 20 қыркүйектен кейін төлем жасалады деп уәде берді, енді ақшаларыңды қазан айында аласыңдар дейді. Бұл мәселе қашан шешіледі?», - деп сұрады ол Бақытжан Сағынтаевтан.

Өз кезегінде әкім, өтемақы мәселесін шешуге тырысып жатқанын айтты.

«Бұл проблема Сіздердің аудандарыңызда ғана емес. Жол айырығын салуға ақша республикалық бюджеттен бөлінді. Біз оны өтемақы төлеуге бағыттап жатырмыз. Сәл шыдаңыздар », - деді Б.Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар