Алматыдағы жерасты жолдарында полиция пункті мен қоғамдық әжетхана орналастырылады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда жерасты жаяу жүргінші жолдары қайта жөндеуден кейін әлеуметтік қажеттілікке пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда қоғамдық әжетханаларға қатысты мәселе туындап отыр. Жер асты жаяу жүргінші жолының бөлігін қоғамдық әжетхана ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, ол жерде полиция пункттерін орналастыруға болады. Олар қала аудандарын торуылдау кезінде осы жерде аялдайтын болады. Сонымен қатар бұл жерде алғашқы медициналық көмек пункттері жұмыс істеуі керек. Мұндай жерлерді жаппастан бұрын әлеуметтік қажеттіліктерге пайдалануды ойластыру керек», - деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Алмасхан Ахметжанов.

Жерасты жаяу жүргінші аумағын қайта жөндеу қаланың аудандық әкімдіктері міндетіне жүктелген.

Соңғы жаңалықтар