+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Алматыдағы ЖЭО газға ауыстыру жобасы 2025 жылы аяқталады

2020 жылғы 21 қазан 09:58
Бөлісіңіз:
Алматыдағы ЖЭО газға ауыстыру жобасы 2025 жылы аяқталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласының әкімі Бақытжан ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптен күткен Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында.

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған қазандық агрегаттарын жаңғыртып, ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру арқылы оған жұмсалатын еңбек пен құн шығынын оңтайландыру бойынша қайта құру нұсқасы таңдалды.

Модернизациялау жұмыстары қоршаған ортаны күкірт оксиді және күлмен ластамауға мүмкіндік береді. Ауаға тарайтын азот оксиді мен көмірқышқыл газының мөлшері минимумға дейін азаяды.

«Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Айта кетейік, 20 қазан күні Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT