Алматыдағы ЖЭО-2 2025 жылы газға көшіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде Алматының экологиясын жақсарту бойынша қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Алматы экологиясын жақсарту тек әкімдікті ғана емес, бүкіл тұрғындарды да алаңдатып отырғанын жеткізді.

«Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр, оны Үкімет, Президент және Елбасы қолдап отыр. Жақында қаладағы ЖЭО-2 жылыту қазандығын газға ауыстыру келісімі жасалды. Осы жылы «Самұрық-Энергия» қажетті барлық құжаттарды әзірлейді. Келесі жылы жылту тоқтаған әр алты ай сайын екі қазандықтан газға ауыстырып отырамыз. 2025 жылдың соңына дейін ЖЭО -2-і толықтай газға ауысады. Ал, экологияның тазарғанын 2022 жылдан бастап сезіне бастаймыз»,- деді Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар