Алматыдағы жемекеншік клиникада сәбидің неден қайтыс болғаны анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде сәбидің неліктен қайтыс болғандығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің хабарлауынша, оларға Павлова атты азаматша Алматыдағы «Достар мед» клиникасының базасында сәбиінің шетінеп кеткендігі туралы шағым түсірген. Екі жасар баланың мамыр айында шап жарығын алуға бағытталған операциядан соң жүрегі тоқтап қалған.

«Комиссия шешімі бойынша, Павлованың баласына сапасыз медициналық көмек көрсетілді деген шағымы негізді болып шықты. Дәрігерлер анестезияға арналған препаратты дұрыс қолданбаған. Тексеру жұмыстарының барлық материалдары Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне жолданды. Дәрігерлер комиссия жұмысын бастағалы жұмыстан шеттетілді. Бұған қоса балалар хирургиясы бойынша қызмет мүлдем тоқтатылды. Кеше жетекшілері келіп, аталған дәрігерлердің жұмыстан шеттетілгенін хабарлады»,-деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова.

Оның сөзінше, қазіргі таңда клиника мамандарына қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр.

«Тергеу органдары істі қарап болған соң ол сотқа жолданады. Сот клиниканың жұмысын тоқтату, лицензиясын алып қою болмаса дәрігерлердің сертификаттарын тоқтату сияқты шаралар қолданатын болады»,-деді Айзам Молдағасымова.

Соңғы жаңалықтар