Алматыдағы жел электр станциясы тамыз айында жұмыс істей бастайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан 140 шақырым қашықтықта салынып жатқан қуаты 60 МВт жаңа жел электр станциясы биылғы тамыз айының басында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, станция жылына 225,7 млн кВтс электр энергиясын өндіретін болады. ЖЭС салу және іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнын басады.

«Энергетикалық нысан Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек дәлізінде салынып жатыр. Мұнда желдің орташа жылдық жылдамдығы – 50 метр биіктікте секундына 7,8 метр, ал ағынның тығыздығы – 310 Вт/м2. Болашақта ЖЭС қуатын 300 МВт-қа дейін арттыру жоспарлануда», - делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Жобаның жалпы құны – 37,4 млрд теңге. Оны «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі «Power China» корпорациясымен серіктестікте іске асыруда.


Соңғы жаңалықтар