Алматыдағы жарылыс: АӘД мұғалімі Ғабит Карабалаев пен Юрий Гавриленконы қамауға алу мерзімі ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Алмалы аудандық соты алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімдері: Ғабит Карабалаев пен Юрий Гавриленконы қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тергеушінің өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 104-бабының 1-бөлігімен (Абайсызда қазаға ұшырату), айыпкерлер Ғабит Карабалаевқа және Юрий Гавриленкоға қатысты қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тергеушінің талап өтініші қаралды.

Алмалы аудандық сотының қаулысымен айыпкер Ғ.Карабалаевты күзетпен ұстау мерзімі 2015 жылдың ақпан айының 17-не дейін, айыпкер Ю.Гавриленконың ұзарту мерзімі 2015 жылдың ақпан айының 19-на дейін ұзартылды», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Қаулы заңды күшіне енді

Еске сала кетейік, төтенше жағдай Алматы сән және дизайн колледжінде орын алған болатын. Іс материалдарына сәйкес, АӘД пәнінің мұғалімі Ғ.Карабалаев № 9 тобында алғашқы әскері дайындық пәні сабақ жүргізген. Сабақ жүргізу барысында, ол колледж оқушыларын бұрынғы колледж ұстазы Ю.Гавриленкодан қабылдап алған РГД-5 ұрыс гранатасының құрылысымен таныстырып, оны оқушылардың қолдарына ұстатып, гранатаның сақинасын тартпауын ескерткен.

Алайда, Ғ.Карабалаев үзіліс кезінде жарылғыш гранатаны оқу үстеліне тастап кеткен.

Сол мезетте, колледждің аталған топтың оқушысы РГД-5 гранатасының сақинасын тартып қалып, жарылыс болған.

Жарылыс салдарынан 16 жасар студент Светлана Яковлева жедел жәрдем келгенге дейін қаза болып, 11 оқушы жараланды.

Соңғы жаңалықтар