Алматыдағы жартылай марафонда 4 мың адам жүгірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін спортпен айналысатын төрт мың адам бірінші «Алматы жартылай марафонын» жүгіріп өтті. Оған Қазақстан, АҚШ, Франция, Жапония, Ресей, Қырғыз Республикасы мен өзге елдердің спортшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат жарысты ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Мәреге бірінші болып 10 км қашықтыққа жүгіргендер келді. Ерлер арасында Дмитрий Иванчуков (Мерке қ.), қыздар арасында Мәдина Керімова, (Талдықорған қ.) бірінші орынды иеленді.

Ең жүйрік жартылай марафоншы 21 км қашықтықтықты бағындырған Илья Тяпкин (Бишкек қ.) болды. Ал әйелдер қатарынан ерлер арасындағы абсолютті чемпионнан небәрі 8 минутқа артта қалған Ситора Хамидова (Термез қ.) жеңіпаз атанды.

«Алматы жартылай марафоны» алғаш рет өтті. Енді, ол жыл сайын күзде ұйымдастырылады. Жарты жылдан кейін 21 сәуірде ондаған мың жүгіруші күтетін шара - «Алматы марафонында» қарсы аламыз. Жарыстарымыздың бәрі Орталық Азиядағы ең басты марафонға дайындық аясында өтеді», - деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.
null 

Жарыс сөресіне жасты 60-тан асқан 41 қатысушы шықса, олардың 16-сы жартылай марафон қашықтығын еңсерді.

«Тек Алматы немесе Қазақстанда емес, сонымен бірге  шетелде өтетін жарыстарға үзбей қатысуға тырысамын. Ешқашан мұнымен кәсіби түрде айналысқан жоқпын, дегенмен, осы уақытқа дейін 150 мың шақырым жүгірдім, - дейді жартылай марафонға қатысушы 71 жастағы Марат Балтабаев.

Айта кетерлігі ол жақында ардагерлердің I Азия-Тынық мұхиты ойындарында 3 алтын алқа алды.

«Алматы жартылай марафонының» әр қатысушысы алқа алды. 21 км қашықтыққа жүгіруден абсолютті чемпиондар 1,5 миллион теңге көлемінде жүлде қорын өзара бөлісті. 

Еске сала кетсек, бұған дейін аталмыш жартылай марафонда жүгірген 18 жастағы жігіт қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар