Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша автокөлік бүлінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Құтқару қызметінің директоры Бейсеғали Жүнісов жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша көлік бүлінгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, зақымданған барлық көлік айыптұрағына жеткізілді.
«Біздің қызметкерлер қаңтардың 5-нен бастап айыптұрағына қалада бүлінген көліктерді әкеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін қала көшелерінен 140 бүлінген машина жеткізілді, оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік көлік те бар. Оның 47-і өртенген, 48-не оқ атылған. Оған қоса тоналған көліктер бар», - деді ол.

Оның айтуынша, көліктер негізінен Төле би, Райымбек, Абай, Назарбаев, Желтоқсан, Сәтбаев көшелері бойынан және Саин даңғылындағы көпір үстінен жеткізілді. Бұл көліктердің барлығы жарамсыз. Жөндеуге келмейді.


Соңғы жаңалықтар