Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адам ауруханаға түсті
2022 жылғы 25 қаңтар 17:16

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адам ауруханаға түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде емдеу мекемелеріне 1200-ден астам адам жүгінді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіпсіздік кезінде Алматы ауруханаларына 1256 адам жүгінді, оның 506-сы ауруханаға жатқызылды. Олардың басым бөлігі емдеу мекемелеріне жедел жәрдем көліктерімен жеткізілді. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір ауруханаларда ем қабылдап жатқан 33 науқас бар.

Сонымен қатар, ол кейбір науқастар әскери госпитальдарға ауыстырлғанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, Алматы қалалық полиция департаменті қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне бүгінгі таңда 1481 қылмыстық іс тіркелді»,-деді Светлана Сұлтанғазиева.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT