Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына түскен үшінші адам да көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен жұмысшы да көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін түнде Әл-Фараби көшесінде болған жол апаты анасы мен қызының өмірін алып кеткен еді.

Соққыдан жапа шеккен жол шетіндегі жұмысшы да көп ұзамай жансақтау бөлімінде жантәсілім етті.

«Ер адамның жарақаттары өте ауыр болғандықтан, оның өмірін дәрігерлер арашалап ала алмады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ал қалалық ІІД қайғылы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті.

«Өндірістік іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалатын болады. Нәтижесінде болған оқиғаның жай-жапсары анықталмақ», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, жантүршігерлік жол апаты наурыздың 13-14 қараған түні болған еді.

Audi автокөлігі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатып, бар жылдамдығымен келіп жүк көлігіне соғылған.
Бастапқы болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жүк көлігін кеш байқағандықтан автомобилді тежеп үлгермеген.

Соққыдан жүргізуші келіншек пен оның 3-4 жастағы қызы көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар