+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Алматыдағы Жандосов көшесі 6 жолақ болып кеңейеді

2019 жылғы 11 қазан 15:12
Бөлісіңіз:
Алматыдағы Жандосов көшесі 6 жолақ болып кеңейеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы билігі қала көшелерінде қандай өзгерістер жасайтынын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігінде өткен баспасөз брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да қоғам белсенділері жолға бөлінген қаражаттың игерілуін қадағаламақ Павлодарда жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды «Доссор-Ақтау порты» жолының 50 шақырымы жаңа технология бойынша жөнделді

Атап айтқанда, Жандосов көшесі кеңейіп, BRT екінші кезегіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Саин көшесі ұңғыланып созылатын болды.

«BRT бірінші кезеңінде Жандосов көшесінің Сүлейменов пен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі бөлігі қалып қойған болатын. Шамамен 1 шақырым жол еді. Бұл учаскеде жоспар бойынша жолдың енін кеңейту көзделген. Аталған бөлікте жол қозғалысы 6 жолақта жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда, көшенің оң жағы кеңейтіледі. Сол жердегі үйлердің 90%-ы сатып алынды. Болашақта олар сүріледі», - деді қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан.

Оның айтуынша, BRT желісінің екінші кезеңі Тимирязев-Желтоқсан көшелерінің қиылысынан Құлжа тас жолындағы Жетісу базарына дейін 13 шақырымға созылады.

«Саин көшесі Рысқұлов пен Мөңке би көшелерінің аралығына дейін 3,2 км созылатын болды. Осы мақсатта жекеменшік иелерінен жер учаскелерін сатып алу көзделген. Қазір бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс болатын. Алайда барлығы қаржыландыруға, жер учаскелерін сатып алу ұзақтығына байланысты», - деді Ернұр Әбжахан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT