USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыдағы жаңа жылдық шыршалар бір мезгілде жағылды

2017 жылғы 18 желтоқсан 19:46
Бөлісіңіз:
Алматыдағы жаңа жылдық шыршалар бір мезгілде жағылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жаңажылдық бас шырша жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың 8 ауданында орналасқан шыршалар бір мезгілде жағылды.

Атап айтқанда, шыршалар Тұңғыш Президент паркі, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Сац атындағы жастар театры, Наурызбай атындағы әкімдік, сондай-ақ Орталық стадион алдында орналасқан.

Ең басты шырша Республика алаңына қойылды.

Бүгінгі шыршаға от беру салтанатында Аяз ата-Ақшақар, мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен балаларға арналған мерекелік шара өтті.

Астана алаңындағы шырша футуристік стильде тұрғызылады.

Былтыр мұндай ерекше шығармашылық идеямен жасалған дизайнерлік «шырша» Республика алаңында бой көтерген болатын.

Ал сауда үйлері мен ұйымдар өз шыршаларын ертерек жақты.











Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT