+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Алматыдағы жаңа зауыт жылына 100 мың тонна жоғары сапалы болат құбыр шығарады

2020 жылғы 8 сәуір 11:22
Бөлісіңіз:
Алматыдағы жаңа зауыт жылына 100 мың тонна жоғары сапалы болат құбыр шығарады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2020 жылдың екінші тоқсанында Алматы қаласының Алатау ауданының индустриялық аймағында «Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт құрылысы» жобасын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс алаңының жалпы аумағы- 18,3 гектар. Жоғары технологиялық зауыт құрылысы Қазақстанға әкелінетін құбыр өнімдерінің 70% импортын алмастыруға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру үшін «Asia Steel Pipe Corporation» Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны құрылды. Инвестицияның жалпы сомасы 33 млрд теңгеден асады. Аталмыш жоба 2015-2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасына енгізілген. Сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында ҚХР мен ҚР арасындағы негізгі жобалар тізіміне кіреді.

Айта кету керек, құбыр зауыты орналасатын жер ретінде Алматы қаласы логистика және болат орамының негізгі жеткізушісі – Батыс Қытайдағы металлургиялық зауыттарға жақын болғаны үшін таңдап алынған.

Отандық зауыт жыл сайын 100 мың тоннаға дейін жоғары сапалы құбыр өнімдерін шығарады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта өндірісті 150 мың тоннаға дейін кеңейту көзделіп отыр. Бірінші желі спиральды құбырлар шығарады. Кейін үлкен диаметрлі тік жікті құбырлар желісін іске қосу көзделген.

Зауытта диаметрі 355 мм-ден 1420 мм-ге дейін, ұзындығы 8 м-ден 12,5 м-ге дейін құбыр өнімдерін шығару көзделген. Құбырларды өндіру кезінде беріктігі жоғары X80, Х100 санатындағы болат қолданылады. Ал құбыр қабырғасының қалыңдығы 6,4 мм-ден 25,4 мм-ге дейін болады.

Бұл дәнекерленетін құбырлар мұнайды, газды, суды және мұнай өнімдерін тасымалдауға, сондай-ақ тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалануға арналған. Осылайша жаңа зауыт ішкі нарық пен таяу шет елдерді сапалы құбыр өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорында 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт жобасын жүзеге асыру ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2014 жылғы кездесуінің қорытындысы бойынша мүмкін болды. Сол кездесуде «ҚазМұнайГаз»ҰК« АҚ мен CNPC арасында мұнай-газ саласындағы кешенді стратегиялық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT