Алматыдағы жан түршігерлік жол апатын жасаған адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы кеше түнде болған жан түршігерлік жол апатының мән-жайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Мерседес көлігін 18 жастағы жас жігіт басқарған.

«Түнгі 2:20 -да Мерседес көлігі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай келе жатып, Сейфуллин көшесіне жетпей жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Соның салдарынан 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан соң жігіт оқиға орнынан қашып кеткен. Біраз уақыттан соң жүргізуші табылды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен, 347-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Жүргізуші адам өліміне әкелген жол апатын жасағаны және оқиға орнынан қашып кеткені үшін жауап беретін болады. Мұндай жағдайда азаматтардың оқиға орнынан қашып кетуі оны қылмыстық жауапкершіліктен құтқармайды», - деді ІІД басқарма басшысы Рустам Әбдірахманов.

Айта кету керек, жол апаты кеше түнде болған. Жаяу жүргіншіні көлік қаққан күйі бірнеше метрге сүйреп кеткен. Соның салдарынан алдыңғы әйнектің сынықтарына марқұмның денесі бөлшектеніп, кеуде тұсы көліктің ішінде қалып қойған.

Ал қол-аяғы жол үстінде шашылып қалды.

Соңғы жаңалықтар