Алматыдағы зауыт қызметкерлері 100 пайыз вакцина алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Алматы желдеткіш зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұлов кәспорын қызметкерлерінің 100 пайызы вакцина алғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Біздің зауыттың ұжымы ковидке қарсы вакцинаны бір ай бұрын 100% толық құраммен алды. Былтырғы жағдайдан айырмашылық бар. Күн сайын бір-екі адам вирус жұқтыратын. Биыл науқастанғандар жоқ. Бірде-бір сырқат тіркелген жоқ. Құдды бір пандемия жоқ сияқты», - деп жазды кәсіпорын басшысы.

Еске салсақ, бас санитар дәрігердің 14 шілдедегі қаулысы бойынша жұмысы адамдардың көп шоғырлануына байланысты нысандарға қызметкерлерін 10 тамызға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, 1 қыркүйекке дейін вакцинаның екінші компонентімен қамтамасыз ету жүктелген болатын.

Аталған қаулыда көрсетілген санатқа жататын жұмыс берушілер вакцина алмаған немесе 7 күн сайын ПТР-тестілеу арқылы саулығын дәлелдемеген қызметкерлерді штаттық режимде жұмысқа жіберсе, айыппұл арқалауы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар