Алматыдағы зардап шеккендерге Павлодардан 70 литр қан жөнелтілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қызыл жарты ай» қоғамының Павлодардағы филиалының еріктілері елімізде өткен митингілер мен тәртіпсіздіктерге байланысты ақша, донор қаны және басқа да көмектерді жинауға белсенді кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жыл қарсаңында және одан кейін Павлодар филиалы (Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы) облыстық қан орталығына донорларды тарту бойынша үлкен ақпараттық жұмыс жүргізді. Елдегі соңғы оқиғаларға байланысты донорлар саны көп болды, адамдар өз еркімен келіп қан тапсырды», - деді ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы Гүлнар Исақанова.

Оның айтуынша, қалалық мәслихат депутаттары, Павлодар мұнай-химия
зауыты, ҚТЖ және қарапайым тұрғындар қан тапсырған. Барлығы 150-ден астам донор келген.

Павлодар облысынан Алматыға көмекке Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері 70 литр қан тапсырды. Донорлар осы күндері қан орталығында тұрған Қызыл Жарты Ай қоғамының әлеуметтік акциясын қолдап, қайырымдылық жәшіктеріне ақша жинады.

Соңғы жаңалықтар