Алматыдағы заңсыз акциядан 190 адам зардап шекті - басқарма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы шеруден кейін 40 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өзі келді.

«40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде, оның ішінде төртеуі полиция қызметкері. Зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 қала тұрғыны бар», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілді. Сонымен қатар Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатыр.

Фото: reuters.com


Соңғы жаңалықтар