Алматыдағы Ықылас музейіне Құрманғазы домбырасының көшірмесі табысталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дәулескер күйші Құрманғазының домбырасының көшірмесі мен оның шәкірті Ерғали Есжановтың домбырасының түпнұсқасы Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

Күйшінің қолы тиген екі ғасырға жуық тарихы бар аса құнды жәдігер Астрахан облысындағы Құрманғазы атындағы мәдени орталықта сақтаулы тұр. Бүгін Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне сол домбыраның көшірмесі сыйға тартылды.

Одан бөлек Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығы аясында өткізілетін шара барысында үш күндік көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Атырау және БҚО өңірлік өлкетану музейлерінен Дина Нұрпейісованың камзолы мен белдігі, Құрманғазының дара ауыз мылтығы, ХІХ ғасырдағы зергерлік бұйымдар қойылды. 

Салтанатты шараға қатысқан Бауыржан Байбек құнды жәдігерлерді өз қолымен қабылдап алды.

Айтулы шара Құрманғазының 200 жылдығына орай ЮНЕСКО шеңберінде өткізілді.
null  

"Қазақ мәдениетіне өлшеусіз мұра қалдырған Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай ҚР МСМ мен Алматы әкімдігі маңызды шара ұйымдастырып отыр.  Құрманғазы бабамыз өзі жатқан Астрахань облысынан,  БҚО, Атырау облысынан делегация келіп жатыр. Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі  мен Ықылас атындағы халық аспаптары музейінің арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды", - деді оркестрдің  директоры Нұрғиса Дәуешев.

nullМәдени шара күй кешіне жалғасты.

Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің домбырашылар құрамы Құрманғазының бірнеше күйін орындады.

«Құрманғазы - тек біздің ғана рухани мұрамыз емес, бүкіл әлемге танылған тұлға. Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтуде. Осыған орай Астраханьдағы Құрманғазы атындағы мәдени орталық пен Орал, Атырау өңірлерінен тарихи өлкетану музейлерінің ұжымын шақырып отырмыз. Біздің мақсатымыз  осындай мәдени шаралар арқылы Құрманғазының 200 жылдық мерейтойының мазмұнын аша түсу. Біздің басты міндетіміз Құрманғазы шығармашылығын, домбырасын, шәкірттерінің мұрасын, халыққа қалдырған күй мұрасын жиынтықтай отыра насихаттау, дәріптеу, жаңғырту ұрпақ санасында сақтауға барынша үлесімізді қосу болып табылады», - деді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Байбосынова.
null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар