Алматыдағы веложол Орбита шағын ауданынан басталмақ - Елена Ерзакович

None
None
АЛМАТЫ. КАЗАКПАРАТ - Алматыдағы веложол Орбита шағын ауданынан басталмақ. Бұл туралы БҰҰ даму бағдарламасының «Алматыдағы тұрақты көлік» бағдарламасының жоба менеджері Елена Ерзакович айтты.

«Қала әкімшілігі біздің жобамызды мақұлдап отыр. Олар тіпті, Орбита шағын ауданынан бастап, веложол жүргізуі ғажап емес. Біз голландтық мамандарды шақыртып, Тимирязев көшесінен Абай даңғылындағы Байтұрсынов метростансасына дейінгі бөлікті веложолға бейімдеуді ұсындық. Қазір жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр», - деді Елена Ерзакович.

Оның айтуынша, болашақта Тимирязев көшесі жасыл дәлізге айналады. 2015 жылы жоба жүзеге асып, қауіпсіз велоқозғалыс жолы қалыптаспақ.

Соңғы жаңалықтар