Алматыдағы вакцина салдырған 100 студент «Оңай» жол жүру картасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы технологиялық университет қызметкерлерінің 90 пайызы коронавирус вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары оқу орынының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Диляра Бисалиеваның айтуынша, ұжым вакцинаның маңыздылығын жақсы түсінеді.

«Қазіргі таңда университетте барлығы 646-қызметкер еңбек етеді. Олардың 90% -ы вакцинаның екі компонентімен де егілді. Ал 9%-да медициналық қарсы көрсетілімі бар. Айта кету керек, оқу ғимаратында Аshyq жүйесі жұмыс істейді», - деді проректор.

Сонымен қатар, ол вакцина алған студенттердің арасында ұтыс ойындары ойнатылғанын атап өтті.

«Вакцина алған 100 студентке «Оңай» жол жүру картасы таратылды, 200 студент жатақханамен қамтылды, 60 студентке «Меломан» кітап дүкенінен кітап алу үшін сертификат берілді, 40 студент АТУ-дың тілдік курсында оқиды»,- деді Диляра Бисалиева.

Студенттер бүгінгі күні де қауіпті індетке қарсы вакцина салдырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар