Ұшақ апатына орай арнайы комиссия Алматыға ұшып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен хабарланды.
Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 - де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған.
Ұшақ екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.
Алматыда құлаған ұшақ ісіна қатысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.
Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның егжей-тегжейі мен себептері анықталатын болады. Оқиға мән-жайы анықталғанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Бұған дейін «Бэк Эйр« әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткені хабарланған болатын.- ШҚО-да қар құрсауында қалған екі балықшы құтқарылды
- Түркияда, Қара теңіз жағалауында ресейлік кеме суға батты
- Өскеменде қамауға алынған әйел тергеу изоляторында босанды
- Ақмола облысында көлігінде автокресло болмаған 1000-нан астам жүргізуші жазаланды
-
Сан-Францисконың орталығында атыс болды
-
Алматыда 2 адам табиғи газдан уланып көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам