Алматыдағы ұшақ апаты: Бейбіт Атамқұлов тергеудің неге созылып кеткенін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы түбіндегі ұшақ апатын тергеу жұмысы неге бірнеше жылға созылып кеткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақын арада «Бек Эйр» компаниясының ұшағы Алматы түбінде құлаған әуе апатын тергеудің қорытындысын аламыз. Өкінішке қарай, бұл қайғылы оқиға авиакомпанияның қауіпсіздік стандарттарын сақтауында елеулі заңбұзушылықтарды анықтады. Шындығын айтсақ, пандемия шектеулеріне байланысты тергеу ұзаққа созылды. Халықаралық сарапшылар Қазақстанға жұмысқа уақытында келе алмады», - деді министр.

Ведомство басшысы тексеру әділ өтуі үшін халықаралық тәжірибе бойынша құзыретті органдар қорытынды бергенге дейін апатты тергеу барысына түсініктеме бере алмайтынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар