Алматыдағы Универсиадаға Қазақстанның негізгі құрамы қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек келесі жылы өтетін қысқы студенттік Универсиадаға дайындық жұмыстары бойынша есеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Универсиаданың басталуына 76 күн қалды. Үш жаңа нысан пайдалануға берілді. Қазір тағы 6 нысанды жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын. Ал, қатысатын елдердің санын айтар болсақ, өткен аптада тағы Иран құрамасы тіркелді. Осылайша, Алматыдағы Универсиадаға қатысатын мемлекеттердің саны 57-ге жетті. Сөйтіп, біздегі Универсиада өз тариxында ірі шара ретінде есте қалмақ. Себебі бұған дейін қатысушылардың ең көп саны - 52 мемлекет 2011 жылы Түркияда тіркелді. Біздегі тіркеу әлі жылдың аяғына дейін жалғасады»,-дейді Б.Байбек. Әкімнің сөзіне қарағанда, Универсиадаға қатысатын 45 мемлекет Қазақстанға визасыз кіре алады.

Айта кетейік, қысқы Универсиада 2017 жылы қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і аралығында спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Қазақстанның спортшылары 7 спорт түрінен бақ сынап көрмек. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, Алматыдағы Универсиадаға Қазақстанның негізгі құрамы қатысатын болады. Спортшылардың ішінде Денис Тен, Юлия Галышева және тағы басқа танымал спорт жұлдыздарымыз бар.

Соңғы жаңалықтар