Алматыдағы үлкен жол айырығының құрылысы неге кешіктіріліп жатқаны айтылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен қоғамдық кеңесте Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев Сейфуллин - Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жол айырығының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол айырығының құрылысы өткен жылы басталды, бірақ жұмыс жер телімдерінің жетіспеуінен уақытша тоқтатылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары учаскелер сатып алынғанға дейін белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұрады. Қаржының бір бөлігі бюджетке қайтарылды.

«Бұл жол құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 2018 жылдан бастап жер қатынастары департаменті қаржыландыруға 5 рет өтінім берді. Әр жолы ол кейінге шегеріліп отырды. Бүгінгі күні қаланың үш бөлігіндегі жер учаскесін сатып алу және оны бағалау туралы сот шешімі бойынша төлемдер мәселесі қаралып жатыр. Осы сәйкес тиісті шаралар қабылданып, мәселе шешімін табуда», - деді Мұхтар Тәжібаев.

Оның айтуынша, жол айырығы түсетін жерде сүрілетін нысандардың жалпы саны 270.

«Соңғы жарты жылды біз тұрғындармен бірлесе отырып жұмыс тобын құрдық. Қазір шағымдарды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Онда арыз-шағымдарды қарап, түсіндіру шараларын өткізудеміз. Шаруашылық мәселелер де жетерлік. Бүгінгі күнге дейін 28 учаске сүрілді. Белгілі бір әлеуметтік проблемалар бар», - деді Жетісу ауданың әкімі.

Соңғы жаңалықтар