Алматыдағы түзеу мекемесінде отырған әйелдер ондағы заңсыздықтарға шағымданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соққыға жығылған түрмедегі келіншектердің жанайқайына қатысты мәселені ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Елена Семенова жариялаған болатын.

Белсенді азамат ҚР Бас прокурорына жүгінді.

«Құрметті прокурор! Алматыдағы ЛА - 155/1 түзеу мекемесінде қамауда отырған әйелдер 4 күн қатарынан аштық жариялап отыр. Олардың ішінде 6 айлық жүкті келіншек бар. Аштық жариялауға мекеме қызметкерлерінің аяусыз тепкісі түрткі болып отыр. Бір әйелді ұрып тастаған, ауыр дене жарақаты бар деп кеше 115 нөміріне тергеу изоляторынан әйелдер хабарласқан. Түн ішінде қызметкерлер келіп соққы жеген әйелді алып кеткен. Ал жүкті әйел өзіне қол салуға тырысты. Аштық жариялап, аузын тігіп тастаған ер адам да жоқ болып кетті», - деді Елена Семенова Фейсбуктегі парақшасында.

Аталған дерекке байланысты қазір ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері тексеруді бастады.

«Қазіргі таңда бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Егер бұл дерек расталса, Қазақстан заңнамасы бойынша шара қабылданады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар