Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам көз жұмды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады. Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген полиция хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар