Алматыдағы трамвай рельстері металға өткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы трамвай рельстері металл өңдеуге өткізілді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Ризван Цинаев хабарлағандай, рельстерді сатып алуға көбіне металл қорыту кәсіпорындары қызығушылық білдірген.

«Аукцион нәтижесінде: қайта төселген рельстер - «Қазферросталь» ЖШС-на 8 214 573 теңгеге, қара металл - «Металлокомплект» ЖШС-на 115 676 418 теңгеге өткізілді», - деді Р.Цинаев.

Ал, қалалық Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 2017 жылы Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі және 23 қиылыстағы ұзындығы 16,7 км трамвай желісі алынған болатын.

Рельстерді бұзып, тиеу жұмыстарына 123 млн теңге жұмсалған.

Жароков, Байтұрсынов және Мақатаев көшелеріндегі рельстер келесі жылы алынады.

Мұның алдында Алматы трамвайлары электронды саудаға шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Цинаев рельстерден бөлек трамвай құрамдары да сатылғанын айтты. Алайда сатып алушының аты-жөні құжаттар рәсімделген соң хабарланады.

Соңғы жаңалықтар