Алматыдағы террорға қарсы операция күрделене түсуде - ІІМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы террорға қарсы операция қиындыққа тап болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабар-24 телеарнасының еліміздің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Алматыдағы террорға қарсы операция күрделене түсуде. Бұған террорлардың өздерін бейбіт тұрғын ретінде көрсетуі себеп болып отыр.

«Олар өздерін жергілікті тұрғын ретінде көрсетіп, қитұрқы әрекеттерін жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде әйелдер де бар. Қазір күш құрылымдары жағдайды реттеп, адамдар қауіпсіздігін сақтау үшін барын салып жатыр», - деп хабарлады телеарнадан.

Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай Алматыдағы террорға қарсы операция барысында бірнеше қылмыскер өлтірілді.
Соңғы жаңалықтар