Алматыдағы террорға қарсы операция: Бірнеше қылмыскер өлтірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы террорға қарсы операция барысында бірнеше қылмыскер өлтірілді. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабар-24 телеарнасына берген сұхбаты барысында ол Алматының Масанчи, Қарасай батыр, Жамбыл, Байтұрсынов көшелерінің ауданында арнаулы террорға қарсы операция жүргізіліп жатқанын айтты.

«Өткен түнде қылмыскерлер осы аудандағы ғимараттарды жаулап алмақшы болған. Бірақ бұл іс-әрекеттері орын алған жоқ. Бірнеше қылмыскер өлтірілді. Олардың аты-жөндері қазіргі таңда анықталу үстінде. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына айтарымыз, өз үйлеріңізден шықпаңыздар. Арнаулы операция жүргізіліп жатқан аталған көшелерде жүрмегендеріңіз жөн», - деді Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар