Алматыдағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Синоптиктер Алматыдағы екі өзен орналасқан шатқалда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Жылымық әсері және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Кіші және Үлкен Алматы өзендері су алабында 19 наурызда қар көшкіні қаупі сақталады», делінген хабарламада.

Мамандар көшкін жүру қаупіне байланысты тұрғындарға қарлы беткейге шықпауды сұрап, тауда абай болуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар