Алматыдағы тауда адасып кеткен алты ағылшын құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы тауда қайтар жолын таба алмай қалған алты ағылшын құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап отырып.

Бүгін Алматының Медеу ауданындағы Бутаковка шатқалында алты шетелдік іздестірілді. Олардың үшеуі бала болған. Операцияны ТЖК-ның республикалық жедел-құтқару отрядының күштері жүргізді. Жасақ құрамында екі көлікке мінген РЖҚО-ның 7 құтқарушысы, иісшіл ит, Құтқару қызметінің 4 маманы болды.

Ұлыбритания азаматтары таудан түсіп келе жатқанда, сағат 18:55-те адасып кеткен. Сағат 20.34-те туристер табылып, өз көліктеріне дейін жеткізілді.

Олардың барлығының жағдайы жақсы, медициналық көмеккке мұқтаж болмаған. 

Соңғы жаңалықтар