Алматыдағы тау бөктеріне шығуға тыйым салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметке қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 13-16 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар» делінген ведомстваның хабарламасында.

Қазгидромет ауа райы болжамына сәйкес 13 сәуірде республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Тек оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады.


Соңғы жаңалықтар