Алматыдағы тәртіпсіздік: дәрігерлерге, полицейлер мен құтқарушыларға өтемақы төленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының, ТЖД және құтқару қызметінің төтенше жағдай кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген қызметкерлеріне материалдық көмек берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдіктің мәліметінше, аталған салалардың зардап шеккен қызметкерлеріне өтемақы төлеу дүйсенбіде басталды. Бүгінде қаржылай көмекті 211 адам алды. Өтемақы төлеу жалғасуда.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қызметкерлер ынталандырылды. Оның ішінде 3882 денсаулық сақтау саласының қызметкері жалпы сомасы 546,7 млн теңгеге, 93 құтқарушы - 13,1 млн теңгеге және ТЖД 1207 қызметкері - 126 млн теңгеге.

Жақын күндері қалалық Полиция департаментінің 3878 қызметкеріне толық көлемде қаражат аудару аяқталады.


Соңғы жаңалықтар