+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыдағы тарихи нысандардың жобалауға қатысты кітап жарық көрді

2021 жылғы 14 қыркүйек 18:37
Бөлісіңіз:
Алматыдағы тарихи нысандардың жобалауға қатысты  кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Изистории проектирования спортивных сооружений г. Алма-Аты (1950–1980-е гг.)»құжаттар мен материалдардың жаңа жинағының тұсаукесерін жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық кітапханада өткен алқалы жиынға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлибаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова, «Полигон – 29 тамыз» қоры кеңесінің төрағасы, Семей өңірі бойынша ҚР Ведомствоаралық үкіметтік комиссиясының мүшесі Нұрлан Бозтаев, режиссер, өнер тарихы ғылым магистрі Жанана Курмашева, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві КММ басшысы Темірғали Аршабеков, сонымен қатар тарихшылар мен ғалымдар, архив мамандары қатысты.

«Архив құжаттары негізінде дайындалған жинаққа «Медеу» биік таулы спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, Алматы қаласының Орталық стадионы, Динамо стадионы, Орталық бассейн, Шымбұлақ тау шаңғысы кешені, Алматау туристік базасы, сондай-ақ республиканың білім беру мекемелерінің бірқатар спорттық нысандары бойынша жобалау құжаттары енгізілген.Жинақта барлығы 107 құжат жарық көрген, оның 27-сі графикалық. Барлық құжаттар бірінші рет жарияланып отыр», - деді Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева.

Басқосу аясында іс-шараға қатысушылардың назарына архив қорынан алынған архив құжаттарының негізінде дайындалған көрмесі, сондай-ақ, тақырып бойынша кітаптар, журналдар мен газеттердің басылымдары ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT