+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Алматыдағы тамақтану орындарына кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді

2020 жылғы 22 мамыр 18:33
Бөлісіңіз:
Алматыдағы тамақтану орындарына кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 25 мамырдан бастап жұмыс істейтін кафе мен тамақтану орындарына қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кафелерге қойылатын талап: ұжымдық кештер мен банкеттер өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану орындарына кешкі сағат 23:00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат бердік. Ең бастысы, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Дастарханға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, төрт адамнан артық отыруға болмайды», - деді ол.

Жандарбек Бекшин қызмет көрсететіндерді, санитарлық талапты сақтауға шақырды.

«Келгендерге қызмет көрсететін персоналдар міндетті түрде маска тағып, қолғап кию тиіс. Әрбір клиенттен кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазалау жүргізілуі керек. Сонымен қатар, әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет. Жіті респираторлық вирустық инфекция бар және қызуы көтеріліп тұрған адамдар жұмысқа жіберілмейді. Мұның бәрін әкімшілік қадағалап отыруы тиіс. Біз асханалардағы өз-өзіне қызмет көрсету принципін жойдық. Дайын тағамды қызметкерлер өздері жеткізеді. Осы салада қызмет көрсететіндерді санитарлық талапты сақтауға шақырамын», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT