Алматыдағы сұмдық апат: 4 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі көліктің соқтығысуы салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқиға орнынан.




Жол-көлік оқиғасы Гайдар мен Қарасай көшелерінің қиылысында болған. «Мазда» автомобилі Қарасай батыр бойымен батыс бағытқа, ал «Мерседес» Гайдар көшесімен  шығысқа қарай келе жатқан.

Алдын ала  болжамға қарағанда, «Мерседес» «Жол бер» деген белгіні елеместен «Мазданы» қаққан. Ол қатты соққыдан ұшып кетіп, қоршауға соғылған.

Апат салдарынан 4 адам зардап шекті. Бұлардың бәрі екі машинада болған жандар.

Полиция болған жайдың анық-қанығын тексеруде.  



Соңғы жаңалықтар