Алматыдағы шулы оқиға: Полиция толық ақпаратты жариялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы автокөлікпен адамдарды қасақана қағу оқиғасы туралы толық ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданында 26 тамыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Сөзге келіп қалған екі топ өзара жанжалдасып соңында бір-бірін көлікпен қуалаған.

«Жанжалдың нәтижесінде тараптардың біреуі қарсыластарын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Олардың кім екені анықталды, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстауға және көлікті тәркілеп алуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде », - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Полицияның мәліметінше, осы оқиғаның нәтижесінде үш адам жарақат алды. Олардың аяқ-қолдары жарақаттанған, миы шайқалған. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді.

Бұған дейін, оқиға туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар