Алматыдағы шенеунікке қатысты шулы видео тексеріліп жатыр
2022 жылғы 11 сәуір 17:41

Алматыдағы шенеунікке қатысты шулы видео тексеріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалимен болған атышулы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексеру басталды. «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Л. Мырзағалиға қатысты видеоны зерттеп жатыр. Департамент өз құзыреті шеңберінде тиісті шаралар қабылдайтын болады», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видео пайда болған еді.


Видеоға қатысты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде де қызметтік тексеру басталды.

«Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тексеру басталды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады», - деп түсіндірді қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Сонымен қатар Алматы әкімінің баспасөз қызметі Лаура Мырзағали қызметінен уақытша шеттетілгенін мәлім етті.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT